«Мектептегі көшбасшылық және басқару - 2012»

Конференцияның пленарлы мәжілістеріне және әр түрлі бағыттағы отырыстарына білім саласындағы басты мүдделі тараптар: республикалық және жергілікті деңгейдегі өкілетті тұлғалар, мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, білімді басқару және көшбасшылық саласының отандық және халықаралық сарапшылары қатысты.

 

Конференцияның мақсаты:

  • мектепте көшбасшылықтың үздік тәжірибесін енгізуде халықаралық сарапшылар, ғалымдар, мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі және мұғалімдер арасындағы диалогқа ықпал ету;
  • Зияткерлік мектептерде көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру;
  • Зияткерлік мектептердің жұмысын жақсартуда көшбасшылық бойынша қосымша стратегияларды әзірлеу;
  • білім беру процесіне қатысы бар тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және жоспарлауды жақсартуға ықпал ету;
  • қоғамға Зияткерлік мектептердің қызметін насихаттау жұмысын ұйымдастыру болып табылады.